Өнер
1 мин оқу 50

Майдангер салған суреттер

<p style="text-align: justify;">Қостанайлық соғыс ардагері Андрей Шаров күні бүгінге дейін қылқалам ұстап, сурет &shy;салады. 99 жастағы қарт майдангер өз туын&shy;дыларына қарапайым картон мен арзан бояу&shy;ларды пайдаланады.</p>

Майдангер салған суреттер

Қылқалам шебе­рі­нің қолынан шық­қан көркем дүние­лердің қатарында майдан суреттері, әлемге танымал картиналардың көшір­мелері, пейзаждар, әр кезде жергілікті басылымдарда жарияланған карикатуралар бар. Ардагердің еңбек, бейбітшілік, жеңіс тақыры­бына салған плакаттары музейде сақтаулы тұр.

п

Андрей Яковлевич 1943 жылы 17 жасында әскерге алынып, Батыс Украинадағы 88-шекара отрядында радист қызметін атқарады. Партизандар мен барлау­шы топтар арасында байланыс орнатып, талай ма­ңызды операцияның сәтті ұйымдастырылуына атсалысады. Соғыстан кейін де 1950 жылға дейін шекара қызметін­де болады. 1956 жылы Қостанайдағы тұрмыстық фабрикаға суретші болып жұмысқа тұрады.

пр

«Окопта жатып қағазға қара қарын­дашпен салған суреттерімнің көбі жоғалып кетті. Үйде соғыста салған біраз эскизім сақтаулы тұр. Өрт сөндірушілердің ерлігі бейнеленген картиналарым да бар», дейді майдангер.

ти

Қостанай облысы 

Бөлісу:
Майдангер салған суреттер · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар