Экология
1 мин оқу 70

Каспий жағалауынан 88 итбалықтың өлексесі табылды

<p style="text-align: justify;">Маңғыстау облысының Түпқараған ауданынан ондаған өлі итбалық табылды, деп хабарлады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Каспий жағалауынан 88 итбалықтың өлексесі табылды

Қызыл кітапқа енген жануарлардың қырылғанын полиция бөлімі тіркеген. Оқиға орнына инспекция, әкімдік және Гидробиология және экология институтының өкілдері шықты.

Итбалықтардың өліміне не себеп болғаны анықталған жоқ, себебі олардың денелері қатты шіріп кеткен. Бұл жағдай сапалы сынама алып, зертханалық зерттеулер, соның ішінде улану мен патологоанатомиялық талдау жүргізуге мүмкіндік бермейді.

Болжам бойынша, итбалықтар шамамен екі-үш апта бұрын қырылған.

Бөлісу:
Каспий жағалауынан 88 итбалықтың өлексесі табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар