Табиғат
1 мин оқу 110
Катонқарағай паркінде қар барысы екі рет фототұзаққа түскен
<p style="text-align: justify;">Сирек кездесетін жабайы жануар – аталған ұлттық табиғи парктің Аршаты орманшылығында тіркелді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Орманшы Жомарт Аманбаев орнатқан фототұзақ арқылы ҚР-ның Қызыл кітабына енгізілген қар барысы (Panthera uncia) бейнеленген бірегей кадрлар алынып отыр.
Сондай-ақ, қар барысы тағы бір фототұзаққа түсіп қалған.

«Катонқарағай ұлттық паркінің Алтай орманшылығының аумағында, Бүркітауыл мекенінде тіркелді. Фототұзақты орнатқан – ЖҚ жӨБ бастығы Е. Қасымов пен инспектор А. Шакенов», деп хабарланды Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінен.
Бөлісу: