Отандық бидай жаңа нарыққа шыға бастады

Отандық бидай Норвегия, Марокко және Ұлыбританияға экспортталады. Астықты тасымалдау шығындарына Үкімет 5 миллиард теңге субсидия бөлді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәжіліс депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Айдарбек Ходжаназаровтың мәлімдеуінше астық экспортына Үкімет 40 миллиард теңге бөлген.
«Соңғы екі жылда логистика шығындары 30-40 пайызға өсті. Егер бұл шығындар өтелмесе, отандық өндірушілердің сыртқы нарыққа өнім шығарулары қиындай түседі, бәсекелестікке де қауқарсыз болары анық. Бірақ Үкімет дер кезінде қолдау білдіріп, отандық өнім Еуропа одан соң Африка елдеріне тасымалданып отыр», деді А.Ходжаназаров.
Қазіргі кезде отандық жұмсақ бидайдың алғашқы легі Норвегия мен Мароккоға жөнелтілді. Ұлыбритания мен Шотландияға жеткізу бойынша келісімшарттар енді жасалды. Сонымен қатар Біріккен Араб Әмірліктері, Нигерия, Сенегал, Кот-д’Ивуар және Судан елдеріне де экспорт көлемін ұлғайту бойынша келіссөз жүргізіліп жатыр.
«Отандық жұмсақ бидай аталған елдерге 15 жылдан астам уақыт бойы экспортталмаған. Біз жаңа экспорттық бағыттарды игеріп жатырмыз. Бұл тек логистикадағы серпіліс емес, сонымен қатар сыртқы экономикалық стратегиядағы маңызды жетістік», деді депутат.
Жалпы Үкімет бөлген субсидия теміржолмен де, теңіз арқылы да тасымалдау түрлерін қамтиды. Қазіргі таңда 200 мың тоннадан астам өнім - соның ішінде бидай, арпа және басқа да дәнді дақылдар сыртқы нарыққа шығарылды. Тасымалдау шығындарын өтеуге берілген өтінімдердің жалпы сомасы 9 миллиард теңгеден асқан. Негізі субсидияға бөлінген қаражат көктемгі егіс жұмыстарын уақтылы жүргізуге, биылғы өнімді өңдеп, сақтайтын орындарды босатуға және тұтастай алғанда, отандық астықтың халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.