Өшпес даңқ
2 мин оқу 50

Сынаққа сынбаған соғыс балалары

<p style="text-align: justify;">Адамзат тарихындағы ең қасіретті соғыстағы Жеңісті атап өту &ndash; тарихи күнді еске алу ғана емес, бейбітшіліктің қадірін түсіну. Жылдар өткен сайын бұл сұрапыл соғыстың оқиғалары алыстап барады. Алайда сол дәуірде өмір сүрген адамдардың жадынан естеліктер ешқашан өшпейді.</p>

Сынаққа сынбаған соғыс балалары

Бұл соғыстың адам шығы­ны да, материалдық зардабы да орасан зор болды. Кеңес одағы 26 миллионнан аса адамынан айырылып, өзі­нің ұлттық табысының 30%-ын­ жоғалтты. ­18 мил­лионнан аса бей­біт тұрғын басқыншылардың қолынан, конц­лагерьлерде және­ мәж­бүрлі жұмыста қаза тапты. Біз фашизмге қарсы шай­қаста табандылық танытып, же­ңіске жеткендерді ешқашан ұмыт­пай­мыз. Олар өз елінің ғана емес, бүкіл адамзаттың жарқын болашағын қорғап қалды.

Бұл мақалада соғыс жылдары ту­ған адамдардың өміріне назар аударғым келеді. Өзім де соғыс кезінде дүниеге келгендіктен, сол уақыттың ауыртпалықтарын бас­тан өткердім. Біз сияқты ауыл­да тұрған буын пешпен жылыты­ла­тын үйде тұрдық, керосин шамын пайдаландық, байланыс құ­ралдарынсыз күн кештік. Соғыс­қа қатысқандармен қатар соғыс­ты бастан кешкен ұрпақ та «Ор­ле­нок» сияқты патриоттық әндерді тыңдап, батырлар ерлігін жырлап­ өстік. Кітап пен оқулық, нан мен май алу үшін ұзын-сонар ке­зекке тұру, ата-аналарына ша­руа­шылықта көмектесу – бәрі де сол ұрпақтың басынан өтті. Бұл қиыншылық оларды төзім­ді, еңбекқор әрі қайсар етіп тәрбиеледі.

Иә, еліміз бұл кезеңде ауыр сынға төтеп берді. Соғыстың ал­ғашқы күндерінен бастап өнер­кәсіптің конверсиясы бастал­ды.­ Ал ауыл шаруашылығы мен азық-түлік сол арқылы майдан­ның қуатты арсеналына айналды. Қазақ­стан тұрғындары госпитальдар мен жараланған сарбаздарды қам­қор­лыққа алып, көмек көрсетті. Ауыл шаруашылығы саласының еңбеккерлері майданды қажетті өнімдермен, азық-түлікпен қам­тамасыз ету үшін бар күш-қуа­тын, қайрат-жігерін жұмсады. Бұдан жұмыс істеп тұрған кәсіп­орын­дардың жұмысшылары да шет қалмады. Қолда бар өнді­ріс­тік кәсіпорындардың қуатын ас­қан жылдамдықпен арттырды. Экономиканың бұрын болмаған жаңа салаларының кәсіпорындары құрыла бастады. Қолда бар деректер бойынша осынау кезеңде елімізде 460 түрлі зауыт пен кәсіп­орын, оның ішінде басқа рес­пуб­ликалардың аумақтарынан эва­куа­цияланған 107 кәсіпорын салынды. Ғылым мен білім сала­лары бұрын-соңды болмаған қарқын­мен дамыды. 12 ғылыми-зерттеу инс­титуты, 4 жаңа жоғары оқу орны құрылды. Тиісінше, ғылыми қыз­меткерлер мен сту­дент­тер саны өсті.

Жеңістің 80 жылдығын бұрын­ғы Кеңес одағының халқы ғана емес, бүкіл әлем атап өтеді. Осы соғыста батырларымыз ұрпағы­ның ғана емес, бүкіл адамзаттың болашақ құқығын қорғады.

Ұзан ЫСҚАҚОВ,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері 

Бөлісу:
Сынаққа сынбаған соғыс балалары · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар