Бейнеттің зейнетін ерте көреді
<p style="text-align: justify;">Елімізде 2024 жылдың 1 қаңтарынан зиянды еңбек жағ­дайында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға ар­наулы әлеуметтік тө­лем енгізіл­ген еді. Биыл жыл басы­нан бері осындай төлем 1940 азаматқа тағайын­далған.</p>

Жалпы, арнаулы әлеуметтік төлем тағайындауға ұзын-саны 1957 адам өтініш білдіріпті. Республикалық бюджеттен, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры есебінен төленетін арнаулы әлеуметтік төлемге 128 адам жүгінген. Оның ішінде 127 азаматқа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалған. Төрт қаржыландыру көзінен берілетін арнаулы әлеуметтік төлемге 1829 адам өтініш білдіріп, оның 1813-іне төлем тағайындалған. Бұл ретте қаржыландыру республикалық бюджет, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан бөлек, жұмыс берушілерден, өмірді сақтандыру ұйымдарының есебінен жүргізілген. Міндетті шартқа сәйкес келмеуіне байланысты бір өтініш берушіге арнаулы әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тартылған. 16 азаматтың өтініші әлі де қарау сатысында. 74 азамат сақтандыру компаниясымен зейнеткерлік алдындағы аннуитет шартының жасалуын күтіп отыр.
Өңірлер бөлінісінде арнаулы әлеуметтік төлемге өтініш білдіргендер Қарағандыда көп. Онда 2 көзден – 17, 4 көзден 217 адам өтініш қалдырған. Шығыс Қазақстанда 2 көзден – 16, 4 көзден 180 адамның, Қостанайда 2 көзден – 2, 4 көзден 180 адамның өтініші қабылданған.