Өндіріс
2 мин оқу 40

Су шаруашылығына 300-ден астам жаңа техника берілді

Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК-ны барлығы 757 бірлік техникамен жабдықтауды көздеп отыр. Бұл жұмыс бес кезең бойынша жүзеге асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Су шаруашылығына 300-ден астам жаңа техника берілді

Бүгінгі таңда алғашқы төрт кезең аясында 636 техника жеткізу жөнінде келісімшарттар жасалды.

Аталған келісімдерге сәйкес, техникалар еліміздің 14 облысындағы «Қазсушар» кәсіпорнының 17 филиалына жеткізілмек. Ал соңғы, бесінші кезеңге қатысты конкурс рәсімдері әлі өткізіліп жатыр.

Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайхановтың айтуынша, филиалдарды жаңа техникалармен қамту су шаруашылығы нысандарын тазалау мен гидротехникалық құрылыстарды қайта қалпына келтіру жұмыстарын жеделдетуге сеп болады. Сонымен бірге, бұл су тасқынының алдын алу шараларының тиімділігін арттыра түседі.

Бөлісу:
Су шаруашылығына 300-ден астам жаңа техника берілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар