Оқиға
1 мин оқу 50

Ұлттық банк Жеңістің 80 жылдығына арналған монеталар шығарды

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Ұлттық Банкі &laquo;Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар&raquo; сериясы аясында &laquo;Ұлы Жеңіс. 80 жыл&raquo; атты жаңа коллекциялық монеталарды айналымға шығарды. Бұл монеталар Ұлы Отан соғысындағы жауынгерлердің ерлігі мен жанқиярлығына деген құрметті білдіреді және өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруді көздейді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ұлттық банк Жеңістің 80 жылдығына арналған монеталар шығарды

Монеталарда ерлікпен қаза тапқан батырларды еске түсіретін мәңгілік алау бейнеленген. «80» санының ішінде орналасқан ою-өрнек Жеңіс лентасын бейнелейді және ол Мемлекеттік Тудың элементтерімен үндестік тапқан.

Айта кетейік, монеталар алтын жалатылған 925 сынамды күмістен және нибрасс/нейзильбер қоспаларынан (биколорлы) жасалған.

200 теңгелік монеталар Қазақстан аумағында заңды төлем құралы ретінде еркін айналымда болады. Ал коллекциялық монеталар барлық банктерде төлемге қабылданып, шоттарға есептеліп, айырбасталуы мүмкін.

Бөлісу: