Спорт
1 мин оқу 100
Пара үстел теннисшілері үш медаль иеленді
<p style="text-align: justify;">Черногорияның Подгорица қаласында пара үстел теннисінен World Para Challenger Podgorica 2025 әлемдік сериясы өтті, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Аралас жұптық сайыста Александра Степанова мен Ерлан Казиев және Алтынай Ержанқызы/Талғат Эрекеев жұбы қола жүлдеге қол жеткізді. Ал, әйелдер арасында жұптық санат бойынша Сәуле Айдарханова мен Александра Степанова үшінші орын алды. Осылайша қазақ пара спортшылары байрақты бәсекеде 3 қола медаль еншіледі.
Сала министрлігінің мәліметінше дүбірлі дода 29 сәуірде басталып, 3 мамырда аяқталған, оған 28 елден 140-тан астам спортшы қатысқан.
Бөлісу: