Президент
1 мин оқу 20
Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Астана-Опера театрында концерт тамашалады
<p style="text-align: justify;">Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.</p>

«Астана Опера» театрының сахнасында мәртебелі қонақтар мен елорда жұртшылығына Ханой филармония оркестрі, «Астана Балет» театрының симфониялық оркестрі, «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының хоры, сондай-ақ қазақ және вьетнам халықтарының белгілі мәдениет қайраткерлері өнер көрсетті.Бөлісу: