Төтенше жағдай
1 мин оқу 40

Павлодарда бүлдіршін үшінші қабаттан құлап мерт болды

<p style="text-align: justify;">Павлодар қаласында тұрғын үйдің үшінші қабатынан 2021 жылы туған бала құлап кетті. Ер бала оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Павлодарда бүлдіршін үшінші қабаттан құлап мерт болды

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасынан хабарлағандай, оқиға бүгін кешкілік болған.

- Павлодар қаласының жедел жәрдем қызметіне шақыру сағат 20.35-те түсті. Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына шұғыл жетті. Өкінішке қарай, медицина қызметкерлері баланың құлаған жерде қайтыс болғанын тіркеді, - делінген ақпаратта.

Бала 2021 жылы туған, үйдің үшінші қабатынан құлаған.

Өңірлік балалар омбудсмені Сәуле Шәкенова аталған қайғылы оқиға бойынша материал полицияда тіркелгенін жеткізді. Бұл – жыл басынан балалардың биіктен құлауы бойынша облыста екінші тіркелген оқиға.

Павлодар облысы

Бөлісу:
Павлодарда бүлдіршін үшінші қабаттан құлап мерт болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар