Өндіріс
1 мин оқу 520

Алтын да өндіреді, демеушілік те көрсетеді

<p style="text-align: justify;">&laquo;Golden Compass Capital&raquo; АҚ Тұрар Рысқұлов ауданы аумағындағы алтын өндіру жұмысын 2012 жылы бастады. Жылдар өте келе &laquo;Көк&shy;қия&raquo; секілді бірқатар кен орындарының барлау блоктерінде барлау жұмысын жандандырды. 2019 жылы барлау блоктарын бөлу жө&shy;нін&shy;дегі конкурсқа қаты&shy;сып, &laquo;Талдыбұлақ&raquo;, &laquo;Вос&shy;точ&shy;ный&raquo;, &laquo;Талдыбұлақ золотой&raquo;, &laquo;Қайыңды&raquo; секіл&shy;ді блоктарды барлауға арналған лицензия&shy;ны иеленді.</p>

Алтын да өндіреді, демеушілік те көрсетеді

2023 жылы жалпы құны  5 800 млн теңгені құрайтын 343,8 кило алтын өндірсе, өткен жылы жалпы құны 6 931,2 млн теңгені құрайтын 434 кило межесін ба­ғындырды. Кәсіпорын сон­дай-ақ қайырым­дылық іс-шараларына да бел­сенді қатысады. Пандемия ке­зін­де «Әулие-Ата пары­зы» қо­ғамдық қорына – 5 млн, «Элай Құлан» мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық бірлестігіне – 600 мың, аудан­дық орталық ауруханаға  12 млн теңге қаражат аударды. Көп­ба­лалы отба­сының үйін жөн­деуден өткі­зуге де қолұшын созды. Шағын футбол алаңына қажетті тор, жасанды жабын алу үшін 5 млн теңге аударған.

«Бұдан бөлек Жарысу ауылына ауызсу ұңғымасын салу үшін 10 млн теңге қаражат берді. Айта берсек, алтын кенін өндірумен айна­лысатын ірі кәсіпорын басшылығының шарапатын көрген түрлі ұйымдар да, жекелеген азаматтар да аз емес», дейді аудандық кәсіп­­кер­лік бөлімінің басшысы Сақтасын Тастанов.

Іргелі кәсіпорында еңбек ете­тін жұмысшылар екі санатқа бөлі­неді. Олар еңбегіне қарай нәпақа алып жүр. Жұ­мыс­­шы­лар­дың орташа жала­қы­­сы 242 087 теңгені құраса, компа­ния қызметкерлері 341 248 теңге еңбекақы алады.

Жамбыл облысы,

Тұрар Рысқұлов ауданы

Бөлісу:
Алтын да өндіреді, демеушілік те көрсетеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар