Оқиға
1 мин оқу 50

Астана алаңына Мемлекеттік Ту мен Жеңістің Қызыл Туы әкелінді

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің ту ұстаушылар тобы алаңға Мемлекеттік Ту мен Жеңістің Қызыл Туын алып шықты, деп хабарлайды &nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Астана алаңына Мемлекеттік Ту мен Жеңістің Қызыл Туы әкелінді

Жеңістің Қызыл Туы – 80 жыл бұрын қазақ батыры Рақымжан Қошқарбаев пен майдангер серігі Григорий Булатов Берлиндегі Рейхстагқа тіккен қасиетті тудың көшірмесі. Бұл ту – фашизмге қарсы шайқастағы халықтың табандылығы мен ерлігінің символы.

Сұрапыл соғыс жылдарында қазақстандық жауынгерлер майданның алдыңғы шебінде ерлікпен шайқасты. Олардың арасында ерекше ерлік көрсеткендердің бірі – Рақымжан Қошқарбаев. 1945 жылдың 30 сәуірінде ол Берлинде Рейхстагқа Жеңіс туын алғашқылардың бірі болып тіккен.

Рақымжан Қошқарбаев «Жауынгерлік Қызыл Ту» орденімен марапатталды, ал 1999 жылы 7 мамырда оған Қазақстан Республикасының жоғары наградасы «Халық қаһарманы» атағы берілді.

Бөлісу:
Астана алаңына Мемлекеттік Ту мен Жеңістің Қызыл Туы әкелінді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар