Президент
1 мин оқу 120

Майданға 1,2 миллионнан астам қазақстандық аттанған

<p style="text-align: justify;">1941-1945 жылдардағы алапат соғысқа 1 миллион 200 мыңнан аса отандасымыз қатысты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Майданға 1,2 миллионнан астам қазақстандық аттанған

Республиканың әрбір төртінші тұрғыны әскерге аттанды. Майдан даласында атылған әрбір тоғызыншы оқ Қазақстанда құйылған.

Сонымен қатар Қазақстанға 220-дан астам фабрика мен зауыт көшірілген.

Айта кетейік, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бекітілген «Халық қаһарманы» атағымен 12 соғыс ардагері наградталған.

Былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Айбын» орденінің үш дәрежесіне халқымыздың біртуар батырлары – Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момышұлы және Рақымжан Қошқарбаевтың есімдерін беру туралы заңға қол қойды. Бұл – ерліктің символына айналған батырлар есімін ұлықтаудың жарқын мысалы. 

110 қазақстандық «Даңқ» орденінің толық кавалері атанған.

Бөлісу:
Майданға 1,2 миллионнан астам қазақстандық аттанған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар