Фотогалерея
2 мин оқу 2,690

Әскери парадқа бір топ ардагер арнайы қатысты

<p style="text-align: justify;">Бүгін Астанадағы &laquo;Қазақ елі&raquo; алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған Әскери парадта майдангерлерге ерекше құрмет көрсетілді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Әскери парадқа бір топ ардагер арнайы қатысты

Әскери парад өткізу – Ұлы Отан соғысындағы Жеңісті мерекелеудің бір формасы ғана емес, ең бастысы, Президент атап өткендей, елдік пен бейбіт өмір үшін күрескен батыр бабаларымызды ұлықтау, қан-майданда қаза тапқан боздақтарға тағзым ету.

1

Сонымен қатар, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні екенін де ұмытпауымыз керек. Бүгін біз мақтан тұтатын еліміздің элиталы қарулы күштер бөлімшелері, әскеріміздің техникалық қуаты көрсетілді.

2

Мемлекет басшысы «Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің есімдері мен ерлігі ешқашан ұмытылмайды!» деді.

3

Президент сұрапыл соғыста табандылық танытқан барлық ардагерлерге алғысын айтып, «аға буынның өшпес ерлігі – ұрпаққа ұлағат, отаншылдығы мен жанқиярлығы – үлгі-өнеге» екенін ерекше атап өтті.

4

Қазақ халқы ежелден өзінің адамгершілігіжәне ар-намысына адалдығымен танымал. Мемлекет басшысы атап өткен «Жаным – арымның садағасы» деген қағида бүгін де өзекті.

6

Шеру соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қолбасшылармен суретке түсті.

6

Бөлісу:
Әскери парадқа бір топ ардагер арнайы қатысты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар