Оқиға
1 мин оқу 70

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтеді

<p style="text-align: justify;">2025 жылғы 9 мамыр күні сағат 21:00-де Алматы қаласындағы Абай алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ауқымды дрондар шоуы ұйымдастырылады. Шоу Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтеді

Іс-шара барысында 500-ден астам дрон қолданылып, Ұлы Отан соғысының қаһармандары – Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және Бауыржан Момышұлының бейнелері анимациялық түрде аспанда көрсетіледі. 

Көрермендерге дрон-шоуды тамашалауға арналған бірнеше алаңдар дайындалған:

  • Абай алаңы;
  • «Қазақстан» қонақ үйі маңы;
  • Caspian University маңы;
  • Абай даңғылы (Назарбаев пен Достық көшелерінің аралығы)

Осыған байланысты 9 мамыр күні сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін қала орталығында автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Абай даңғылының Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейінгі бөлігі, сондай-ақ, Достық даңғылының Құрманғазы көшесінен Сәтбаев көшесіне дейінгі аралығында жол жабылады.

Бөлісу:
Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар