Спорт
1 мин оқу 140
Астанада тректегі велоспорттан халықаралық турнир өтеді
<p style="text-align: justify;">2025 жылдың 16-18 мамыр аралығында Астана қаласындағы «Сарыарқа» велотрегі базасында тректегі велоспорттан ірі халықаралық Silk Way Series Astana 2025 турнирі өтеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Биылғы турнирге әлемнің он елінен спортшылар қатысады. Жүлделер үшін Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Армения, Грекия, Ресей, Латвия және Литва құрамалары өзара бақ сынайды.
Айта кетейік, Silk Way Series – халықаралық деңгейдегі беделді спорттық дода. Бұл турнир Азия мен Еуропа арасындағы спорттық байланысты нығайтып, велоспортты дамытуға серпін береді.
Бөлісу: