Аймақтар
2 мин оқу 41

Атырауда жаңа ойын алаңдары салынады

Атырау қаласында балаларға арналған 30-ға жуық ойын алаңдарын салу жұмыстары жүйелі түрде жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда  жаңа ойын алаңдары салынады

Қазіргі таңда қаладағы 29 мекенжайда – атап айтқанда, Береке, Көкарна, Құрсай, Жұмыскер, Авангард, Геолог, Сарыарқа көшесі мен басқа да шағынаудандарда әртүрлі өлшемдегі (20х15, 20х20 және ерекше үлгідегі 40х25 көлеміндегі кеме пішінді) ойын алаңдарын салу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары қызу жүріп жатыр. Жобаларға тиісті оң қорытындылар алынған.

2024 жылы да осындай игілікті шаралар жүзеге асып, Өркен, Нұрсая, Зарослый, Алмагүл, Вокзал маңы сынды 15 аумақта 12х12 өлшемдегі жаңа балалар ойын алаңдары мен 40-қа жуық спорттық алаң бой көтеріп, халық игілігіне берілген болатын.

Бұл — тек жаңа нысандар ғана емес, балалардың шат күлкісі мен ата-аналардың алғысына толы орта. Мұндай жобалар қала келбетін жақсартып қана қоймай, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға да ықпал етеді.

Атырауды жайлы әрі көрікті қалаға айналдыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Бөлісу:
Атырауда жаңа ойын алаңдары салынады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар