Экономика
1 мин оқу 70

Қазақстан экономикасы төрт айда 6 пайызға өскен

<p style="text-align: justify;">Ұлттық статистика бюросы&nbsp;еліміздің 2025 жылғы қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік&ndash;экономикалық дамуының алдын ала қорытындыларын жариялады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстан экономикасы төрт айда 6 пайызға өскен

Аталған 4 айда көлік саласында - 22,4%, саудада - 7%, ауыл шаруашылығында - 3,9% және байланыс саласында - 2,6% даму көрсеткіші тіркелген. Ал  жалпы ішкі өнім өсімі 6%-ды құраған. Көлік саласындағы өсімге темір жол және құбыр көлігімен жүктерді тасымалдаудың артуы негіз болған. 

Саудада көтерме сауда көрсеткіші 7,4%-ға, бөлшек сауда көрсеткіші 6,1%-ға дейін өскен. Өңірлер бойынша жіктесек, Түркістан облысы – жемістерді, көкөністерді, фармацевтикалық тауарларды сататын кәсіпорындар есебінен 60,4%, Ақмола облысы – астықты, тұқымдарды және мал азығын сататын кәсіпорындардың арқасында - 44%, Шымкент – дизель отынын, фармацевтикалық тауарларды, қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарды сататын кәсіпорындар есебінен 19,8%-ға жоғары өсімді көрсеткен.

Өнеркәсіпте өндіріс индексі 6,4% жеткен. Өсім тау-кен секторында – 7,1%, оның ішінде көмір өндіруді ұлғайту есебінен -11,2% өсім байқалып отыр. Өңдеу өнеркәсібінде көрсеткіш - 7,2% құрайды, оның ішінде тамақ өнімдерін өңдеу - 12%, темекі өнімдерін - 26,3%, химиялық өнімдерді өндіру - 11,2% және машина жасау - 11,2% тіркелген.
Ауыл шаруашылығы оң динамиканы көрсетуде. Жалпы өнім индексі қаңтар-сәуір айларында 3,9%-ды құраған.

 

Бөлісу:
Қазақстан экономикасы төрт айда 6 пайызға өскен · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар