Қызылордада 117 ата-анаға әкімшілік хаттама толтырылды
<p style="text-align: justify;">Осы жылғы 10 сәуір мен 6 мамыр аралығында өткізілген «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасында барлығы 1231 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, хаттама рәсімделген, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Рауан Әлдешовтің айтуынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы бойынша 117 ата-анаға әкімшілік хаттама толтырылыпты.
Іс-шара аясында кәмелеттік жасқа толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және бағып-күту жөніндегі өздерінің міндеттерін орындамайтын, олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін 33 ата-ана да профилактикалық есепке алынған.
Полицейлер кәмелеттің жасқа толмағандар мен оларға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жалғасын табатынын айтады.