Байқау
1 мин оқу 20

Озат оқушылар олжалы оралды

<p style="text-align: justify;">Әлемнің 110 елінен 50 мың&shy;&shy;&shy;нан аса оқушы қа&shy;тыс&shy;&shy;&shy;&shy;қан Хьюстондағы &laquo;FIRST &shy;Championshi 2025&raquo; халықаралық инженерлік турнирінде Қазақстан құ&shy;рамасы үш жас санаты бойын&shy;ша рекордтық нәтиже көрсетті.</p>

Озат оқушылар олжалы оралды

Оқу-ағарту министр­лігі та­ратқан ақпаратқа сү­йенсек, біздің балалар атал­ған беделді білім бәй­гесінде алты бірдей марапат жеңіп алып, әлемнің үздік инженерлерінің қатарынан көрінді. Ел на­мысын жеті команда қор­ғады. Жоғары санатта (12–18 жас) Алматы қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің «PID» командасы еліміз тарихында тұңғыш рет жарыстың финалына өтіп, «Motivate Award Winner» және «Division Finalist Award» деп аталатын екі марапатты ие­ленді. Алматыдағы Назарбаев зияткерлік мек­­тебінің «Cristabol» командасы техникалық және техникалық емес дағдылардың үздік үйле­сімі үшін берілетін ең бе­делді марапат – «INSPIRE Award»-ты жеңіп алды. «Sana team» (Алматыдағы Білім-ин­но­вация лицейі) және «Jeltoqsun» (Қарағанды қаласындағы «Мұрагер» мектебі) командалары ро­боттар ойыны бойын­ша 258 команданың ішінен ТОП-20 қатарына енді. Орта санатта (10–16 жас) – «First Lego League Challenge» турнирінде Ас­тана қаласындағы «Skillset» мектебінің «Skillset» командасы «Champions Award» аталымы бойын­ша финалист атанды. Қара­ғандыдағы «Мұрагер» мектебінің «Rasslexx» командасы «Coopertition «Award Winner» марапатын жеңіп алды. Кіші санатта (6–10 жас) – «First Lego League Explore» бойынша Пав­лодар қа­ласындағы «Сатурн» мек­те­бінің «Atlantis» командасы «Team Model Award» марапатына ие болды.

Бөлісу:
Озат оқушылар олжалы оралды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар