Үкімет
1 мин оқу 20

Күн тәртібі бекітілді

<p style="text-align: justify;">Кеше Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата бюросының отырысы өтіп, депутаттар 15 мамырда болатын Сенат отырысының күн тәртібін бекітті.</p>

Күн тәртібі бекітілді

Соған сәйкес сенаторлар алдағы бейсенбіде «Аквашаруашылық туралы» заңды қарайды. Бұл құжат жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және жаңаларын құру арқылы аквашаруашылықты тұрақты дамытуға арналған. Сондай-ақ бәсекеге қабілетті аква­шаруашылық нысандарының көле­мін ұлғайту, олардың адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздігін арттыру көзделіп отыр.

Сонымен қатар аталған заңға ілеспе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнама­лық актілеріне аквашаруашылық, агроөнеркәсіптік кешен, электр энергетикасы және жекелеген орталық мемлекеттік органдар­дың функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң да Сенат отырысы­ның күн тәртібіне шығарылды. Құжат нормаларына сәйкес Жер, Орман, Кәсіпкерлік және Эколо­гиялық кодекстерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бір­қатар заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Бұған қоса, депутаттар коми­теттердің осы аптадағы отырыс­тарында қозғалатын тақы­рыптарды пысықтады. Соның аясында сот әкімшілігінің қызметі, құқық қорғау және сот қызметіне жасанды интеллект технологияларын енгізу, өндірістік нысандарда өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік-жекешелік серіктестікті дамыту мәселелері талқыланды.

Бөлісу:
Күн тәртібі бекітілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар