Баға
2 мин оқу 70

Қыс көмірін жаз қамда

<p style="text-align: justify;">Еліміздегі коммуналдық-тұрмыстық көмір қа&shy;жет&shy;тілігінің 40%-ын қамдап отырған &laquo;Шұбар&shy;көл көмір&raquo; АҚ 2024&ndash;2025 жылыту маусымын табысты аяқтағанын мәлімдеді. Кеншілер тұтынушылардан түскен тапсырыстарды түгел қамдап берген. &laquo;Бұл жылыту маусымында негізсіз қарбаластардан алшақ болуға сеп&raquo;, дейді Көмір дивизионының жетекшісі, &laquo;Шұбаркөл көмір&raquo; АҚ бас директоры Сергей Ким.</p>

Қыс көмірін жаз қамда

«Шұбаркөл көмір» АҚ қы­рық жылға жуық кө­мір өндіріп, сатып ке­леді. Ка­лориясы жоғары әрі күл­ді­лігі төмен болған­дық­тан, Шұ­баркөл көмірі тек ел аума­ғында ғана емес, шет ел­дерде де жоғары сұра­нысқа ие.

Шұбаркөл көмірі ТМД мен алыс шетелдер­ге де экспортталады. 2025 жыл­­дың сәуірінде кәсіп­орын ре­кордтық межені бағын­­ды­рып, шет елдерге 728 мың тонна көмір жеткізді.

Өндірілген жалпы көмір көлемінің төрт­тен бірі ел ішіндегі ком­му­налдық-тұрмыстық қа­жет­тілікке бағытталады. Өнім еліміз­дің төрт тарабына түгел жө­нел­тіледі. Жылыту мау­сымында (2024 жылдың тамызы мен 2025 жылдың сәуірі аралығында) 2 656 974 тонна көмір жөнелтілді. Бұл – ұйымшыл команда­ның жұмыла атқарған жұмы­сының жемісі. Әсіресе тау-кен көлік, теміржол, тау-кен цехтарының жұмысын бөле-жарып айтуға болады.

Сергей Кимнің айтуынша, компания мем­­­лекет­тік орган­дар, со­ның ішін­де әкімдік­­тер алдындағы көмір жет­кізілім­дерінің тұрақтылы­ғын қамтамасыз ету мен кезек, қатты отын тапшылы­ғын болдырмау міндеттерін түгел орындап шыққан.

– Жылыту маусы­мын көмірдің жеткілік­ті мөл­шерімен аяқтауы­мыз­ға байланысты «Шұ­бар­көл көмір» АҚ тұтыну­шылардан қажетті көмірді алдын ала сатып алуларын өтінеді. Бұл қыста, дәстүрлі түрде сұраныс күрт артқан тұста ұзын-сонар кезек пен көмір тапшылығын болдырмауға септігін тигі­зеді. Әкімдіктерге ерекше екпін түсіріп, қажетті көмір көлеміне тапсырыстарды уақтылы жолдауларын сұ­раймыз. Бұл қыста үздіксіз жеткізілімдерді қамтамасыз етуге ықпал етеді, – деп атап айтты Сергей Ким.

«Шұбаркөл көмір» АҚ тұрғындар мен мекемелерге сапалы өнім жеткізе отырып, елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне сүбелі үлес қосып келеді. 

Бөлісу:
Қыс көмірін жаз қамда · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар