Атыраулық қаламгерлер Қазақстанның құрметті жазушысы атанды
<p style="text-align: justify;">Бүгін Атырауда «Жұмысшы мамандығы және Қазақстан жазушыларының шығармалары» тақырыбымен Қазақстан Жазушылар одағының көшпелі пленумы басталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Еліміздің руханиятына үлес қосқан қаламгерлерге құрметті атақты Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкенов тапсырды.
Қазақстанның Құрметті жазушысы атанғандардың бірі – Қазақстанның Еңбек Ері Илья Жақанов. Танымал өнер қайраткері қазақтың халық әндері мен композиторларының шығармашылығын зерттеп жүр. Халық әндерінің шығу тарихынан бірнеше кітап жазды.
Сондай-ақ, ақындар, Жұмекен Нәжімеденовтің шыығармашылығын зерттеуші, филология ғылымдарының докторы Қадір Жүсіп, жергілікті өлкетанушы Төлеген Жаңабаев, айтыскер Жәниба Қарасаева аталған атаққа ие болды.