Ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды
<p style="text-align: justify;">Үкімет қаулысымен Жандос Шаймардановтың Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалғаны туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім қылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Ж.Шаймарданов 1987 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Йорк университетін (Ұлыбритания), IE университетін (Испания) тәмамдаған.
Еңбек жолын 2009 жылы ҚР Экономика және жоспарлау министрлігінде бас сарапшы қызметінен бастаған.
2010–2013 жылдары – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ менеджері.
2013–2014 жылдары – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Мемлекеттің міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты басқармасының бас сарапшысы.
2014–2016 жылдары – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры.
2016–2019 жылдары – Департамент директоры, «Бәйтерек» ҰБХ АҚ басқарушы директоры.
2019–2020 жылдары – «QazTech Ventures» АҚ басқарма төрағасы.
2020–2022 жылдары – ҚР Ұлттық банкі Ақша-несие саясаты департаментінің директоры.
2022–2023 жылдары – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы.
2023–2025 жылдары – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы.