Елорда
2 мин оқу 110

Астанада жөндеу жұмысына байланысты бірнеше көше жабылды

<p style="text-align: justify;">Елордада бірқатар көшеде құрылыс және жөндеу жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты қала әкімдігіне қарасты басқарма кейбір жол учаскелері уақытша жабылатынын хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Астанада жөндеу жұмысына байланысты бірнеше көше жабылды

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының 16 мамыр күнгі мәліметі бойынша мына учаскелер жабылғанын мәлімдеді:

Толығымен жабылған көшелер:
20 сәуірден 20 тамызға дейін – Бұқар Жырау көшесінің Тәуелсіздік даңғылынан Қ.Қайсенов көшесіне дейінгі учаскесінде (кварталішілік жолдармен баламалы қозғалыс ұйымдастырылады);

9 сәуірден 30 тамызға дейін – Күйші Дина көшесі Мирас мектебінен М.Жұмабаев даңғылына дейін;

29 сәуірден 30 тамызға дейін – Ж.Молдағалиев көшесі Е-41 көшесінен Е-32 көшесіне дейін (Қозғалыс балама көшелер мен кварталішілік жолдармен ұйымдастырылған);

Ішінара жабылған көшелер:
11-17 мамыр аралығында – Ш.Айтматов көшесі Ж.Молдағалиев көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейін (көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген);

10-20 мамыр аралығында – Аркар көпірі (М1) (көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген);

9-17 мамыр аралығында – М.Жұмабаев даңғылы Б.Момышұлы даңғылынан Балқантау көшесіне дейін (көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген);

1 мамырдан 1 тамызға дейін – Ш. Бейсекова көшесі мен Н.Тілендиев даңғылының қиылысындағы көлік айырбасы (қозғалыс екі бағытта да 6 жолақты жолмен уақытша ұйымдастырылған);

-14-17 мамыр аралығында – Ұлы Дала даңғылы Қабанбай батыр даңғылынан Мәнгілік Ел даңғылына дейінгі учаскеде (көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген);

-14-22 мамыр аралығында – Домалақ ана көшесі Қорғалжын тас жолынан Қ. Мұхамедханов көшесіне дейінгі учаскеде (көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген);

15-20 мамыр аралығында – Тәуелсіздік даңғылы Қажымұқан көшесінен Күйші Дина көшесіне дейінгі учаскеде (көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген);

12-17 мамыр аралығында – Фахт бен Абдул Азиз көшесі К.Байсеитова көшесінен Ш. Бейсекова көшесіне дейін (көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілген).

Бөлісу:
Астанада жөндеу жұмысына байланысты бірнеше көше жабылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар