Қылмыс
1 мин оқу 120

Ақтөбеде кәсіпкерлерден ақша бопсалаған күдікті ұсталды

<p style="text-align: justify;">Ақтөбе облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкері ретінде таныстырып, Ақтөбе қаласының кәсіпкерлерінен ақша бопсалап жүрген ер адамды ұстады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ақтөбеде кәсіпкерлерден ақша бопсалаған күдікті ұсталды

Жедел-іздестіру шаралары барысында  күдіктінің жеке кәсіпкерлерге қоңырау шалып,   ойдан шығарылған айыптаулар арқылы қылмыстық іс қозғаймын деп қорқытқаны анықталды.  Мәселен, ол қаладағы бір ЖШС-тің  кадр бөлімінің жетекшісінен 5 млн теңге талап еткен. Ұсталған кезде күдіктінің басқаруындағы көліктен 4 млн теңге қолма-қол ақша табылып, тәркіленді.

Қазір ол қамауға алынып, Қылмыстық Кодекстің «бопсалау» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталғандығын хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.  Күдіктінің ақша бопсалау дерегі дәлелденсе, оны 5-10 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

Ақтөбе облысы.

Бөлісу:
Ақтөбеде кәсіпкерлерден ақша бопсалаған күдікті ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар