Қоғам
1 мин оқу 140

Қостанай облысында жыл басынан бері 300-ден аса жол-көлік оқиғасы тіркелді

<p style="text-align: justify;">Қостанай облысында жол-көлік оқиғасы жиілеп кетті. Өңірде жол апаты салдарынан 10 адам қаза тауып, шамамен 500 адам түрлі жарақат алған. Осыған орай, полиция қызметкерлері жол үстіндегі бақылау шараларын күшейтті.</p>

Қостанай облысында жыл басынан бері 300-ден аса жол-көлік оқиғасы тіркелді

Өңір жолдарында кезекшілік ететін негізгі патрульдік автокөліктерден бөлек, қосымша бекеттер қойылды.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жол-көлік оқиғалары жиілеп кетуінің басты себебі – жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін сақтай бермейді. Жол тәртібін бұзғандардың ішінде жылдамдықты асырғандар немесе жол үстінде қауіпті маневр жасағандар көп кездеседі.

«Қазір өңірде «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Басты міндет – жол ережесін жиі бұзатындарды анықтау. Сондай-ақ, жүргізушілерге жол тәртібін сақтаудың маңызды екенін түсіндіру. Жол-көлік оқиғаларының санын азайтып, адам өмірін сақтау. Біз барлық жол қозғалысына қатысушыларды жауапкершілікке және ережелерді сақтауға шақырамыз», дейді Қостанай облысы ПД патрульдік полиция ротасының командирі Елдар  Сүйіндіков.

Қостанай облысы

Бөлісу:
Қостанай облысында жыл басынан бері 300-ден аса жол-көлік оқиғасы тіркелді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар