Спорт
1 мин оқу 180

Полиция қызметкері «Елорда кубогінің» жеңімпазы атанды

<p style="text-align: justify;">Ұлытау облысы Полиция департаментінің қызметкері, полиция майоры Думан Бекмағанбетов Астана қаласында өткен &laquo;Елорда кубогі&raquo; турнирінде чемпион атанды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Полиция қызметкері «Елорда кубогінің» жеңімпазы атанды

Грепплингтен кәсіби спортшылар арасында ұйымдастырылған  жарыста Думан Бекмағанбетов 84 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, қарсыластарын жеңіп, алтын медаль иеленді.

Думан Бекмағанбетов көп жылдан бері спортпен үнемі айналысып келеді. 

Грепплингте бірнеше мәрте республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпазы атанған.

«Бұл жеңіс мен үшін үлкен мәртебе және жауапкершілік жүктейді. Мені қолдаған отбасыма, әріптестеріме және жанкүйерлеріме алғысым шексіз. Алдағы уақытта да Қазақстанның намысын халықаралық деңгейде қорғап, абырой биігінен көрінемін деген сенімдемін», дейді полиция қызметкері.

Бөлісу:
Полиция қызметкері «Елорда кубогінің» жеңімпазы атанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар