Өнер
2 мин оқу 40

Дүбірлі фестиваль басталды

<p style="text-align: justify;">Ел астанасында &laquo;Опералия&raquo; халықаралық музыка фестивалі басталды. &laquo;Астана Опера&raquo; театрында салтанатты қызыл кілем жайылып, алдағы қойылымдардан үзінділер ұсынылды. Ролан Петидің үш туындысының премьерасы қойылды.</p>

Дүбірлі фестиваль басталды

Мәдени кеште көрермен француз хореографының танымал бір актіден тұратын ба­леттерін тамашалады. Атап айт­сақ, «Арлезианка», «Бозбала және Өлім», «Кармен» – сахна­ның бар сән-салтанатымен көрініс берді. Қойылымдар «Астана Опера» балет труппасының көр­кем­дік жетекшісі Алтынай Асыл­мұратованың бастамасымен сахналанды. Бұл балеттерді жаң­ғырту зор күшті талап еткені сөз­сіз. Р.Пети хореографиясын театрға алып келумен Луиджи Бонино айналысты. Тарихи декорациялар мен костюмдерді түпнұсқа сызбаларға сай етіп қал­пына келтіру француз суретшісі Жан-Мишель Дезире үйлестірген қазақ­стандық суретшілердің ассис­тенттеріне жүктелді. Сон­дай-ақ музыкалық партитуралармен тиянақты жұмыс атқарылды. Айта кетейік, Элмар Бөрібаев пен Руслан Баймурзиннің бас­қа­руындағы оркестр шебер ойнап, үннің тамаша қуаты мен музы­ка­ға деген айқын адалдықты паш етті.

Премьерада балет жұлдыз­дары, труппаның жетекші со­листері мен кордебалет әртіс­тері өнер көрсетті.

Айта кетейік, дәстүрлі фес­тиваль екі айға жалғасады. Көрерменге 6 мау­сым күні ре­сейлік тенордың қа­тысуымен Ж.Бизенің «Кармен» операсы ұсынылады. Одан бөлек осы айда екі бірегей премьера – П.Чайковскийдің «Ұйқыдағы аруы» мен В.Беллинидің «Капу­летти мен Монтекиі» қойылады. Ал 29 маусымда Қытай мен Ре­сейдің балет жұлдыздары қаты­са­тын гала-балет өтеді. Шіл­деде ел­ордалықтар мен қала қонақ­тары Дж.Пуччинидің «Богема» опе­расын тамашалай алады. Онда Италия мен Қытай­дан ша­қы­рылған солистер өнер көрсе­теді. Сондай-ақ XXI ғасыр ба­леті Р.Ребектің «Қазіргі сәт қан­ша уақытқа созылады?» және В.Цу­кеттидің «Souvenir de danse» қо­йылымдары ұсынылады. Дж.Пуч­чинидің «Турандот» гранд-опе­расы Қазақстан мен Ресей жұл­дыздарының қаты­суы­мен өтеді.

Бұдан бөлек К.Байсейітова атындағы Камералық залда бір­қатар концерт ұйымдас­тыры­лады. Атап айтсақ, болгариялық скрип­кашы Павел Миневтің кеші, Салауат Карибаев пен Алияр Өтетілеу қатысатын виолон­чель концерті, Мәскеуден келген Елман Ернұрдың фортепиано­лық солосы, қазақстандық ком­позиторларға арналған вокал кештері көпшілік назарына ұсы­нылады. Жалпы, мәдени фестиваль аясында көрермен үшін 30-дан астам іс-шара жоспарланған. 

Бөлісу:
Дүбірлі фестиваль басталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар