Қоғам
1 мин оқу 80

Биыл 60 бала терезеден құлап кеткен

<p style="text-align: justify;">Осы жылдың 19-мамырындағы дерек бойынша, терезеден құлап кеткен 60 баланың бесеуі оқиға орынында көз жұмған. 55&nbsp;бала түрлі жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілген. ТЖМ күннің жылуына байланысты осындай оқыс оқиғалар жиілейтінін қаперге салып, ата-аналарды сақтыққа шақырды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Биыл 60 бала терезеден құлап кеткен

2024 жылы осындай 196 оқиға тіркелген. Министрлік әдетте, мұндай жағдайлар ересектердің қарауынсыз қалған 2-13 жасқа дейінгі балалар арасында көп болатынын жеткізді. Сондай-ақ, қайғылы оқиғалар балалардың москит торларына сүйенуінен жиі болған.

ТЖМ еліміздің барлық өңірінде профилактикалық жұмыстар күшейтілгенін атап өтті.

Төтенше жағдайлар министрлігі барлық ата-ана мен балалардың заңды өкілдерін мынадай қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады:  

- Балаларды қараусыз қалдырмаңыз;

- Москит торларына сенбеңіз, ол баланы ұстап қалуға қауқарсыз;

- Терезелерге арнайы бекіткіштер мен блокаторларды орнатыңыз;

- Бала терезе алдына шыға алмас үшін, терезе маңындағы жиһаздарды алып тастаңыз.

Бөлісу:
Биыл 60 бала терезеден құлап кеткен · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар