Білім
1 мин оқу 80

Қыркүйектен бастап студенттердің стипендиясы көбейеді

<p style="text-align: justify;">Бүгін Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов Қазақстанда жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған студенттерді мемлекеттік қолдау шаралары туралы баяндады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қыркүйектен бастап студенттердің стипендиясы көбейеді

Кейінгі 5 жылда Қазақстанда грант саны 1,4 есеге өскен. 2024-2025 оқу жылында 93 116 грант бөлінген. Талғат Ешенқұлов жаңа оқу жылынан бастап білім алушылардың стипендиясы артатынын мәлімдеді. 

«Бакалавриат үшін стипендия - 52 372 теңге, магистратурада -117 098 теңге және докторанттар үшін - 262 500 теңгені құрайтын болады. Яғни, биыл бакалавриат деңгейінде стипендия көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 2 есеге, ал магистратура және докторантура деңгейінде 1,75 есеге артады», деді вице-министр.
Сондай-ақ, студенттерді жатақханамен қамту жұмыстары да белсенді жүргізіліп жатыр. Министрлік дерегінше, жатақханалардағы орын тапшылығы 2019 жылы 82 500-ден 2024 жылы 14 873-ке дейін азайған. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жатақханаларда орын беру жөніндегі мемлекеттік қызмет проактивті формат бойынша ұсынылады.
 
Айта кетейік, былтыр да жоғары білім алушылар стипендиясы 15-50 пайыздық шекте көбейген еді. 
Бөлісу:
Қыркүйектен бастап студенттердің стипендиясы көбейеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар