Алматы билігі жауапсыз мердігерді жазалайтын болды
<p style="text-align: justify;">Таяу күндері Алматыдағы Қала құрылысын бақылау басқармасы Рахат-Мәдениет шағын ауданында «Сапа Құрылыс 2007» ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізіп жатқан су құбырлары мен кәріз желілерінің құрылысына инспекциялық тексеру жүргізген болатын, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Тексеру барысында бірқатар заңбұзушылық анықталған.
Атап айтқанда, кейбір учаскелерде қайтадан топырақ толтырылмаған, ал кей жерлерде қабаттап тығыздау жұмыстары жүргізілмей, топырақ төселген, бұл жол жабындысының шөгуі мен опырылуына алып келген.
Сондай-ақ, қорғаныс қоршаулары, тіреулер, ор траншеяларының еңістерін өңдеу жұмыстары жүргізілмегені анықталды. Бұған қоса, жобадан басқа да олқылықтар табылды.
Ендігі жерде ҚР ӘҚБтК-нің бірнеше баптары бойынша әкімшілік шаралар қабылдау мақсатында жоспардан тыс тексеріс басталады.