Қайрат Байбосыновқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді
<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде дәстүрлі әнші, Қазақстанның халық әртісі Қайрат Байбосыновты марапаттады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Бүгін ұлттық өнердің майталманы Қайрат Байбосыновқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріледі. Халқымыздың жан-дүниесін айшықтай көрсететін халық өнері әрдайым төрде болуы керек. Бұл марапат – әйгілі әншінің өлшеусіз еңбегі мен ұлттық өнерімізге деген ерекше құрметтің белгісі», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қайрат Байбосынов – Арқа дәстүрлі ән мектебінің жарқын өкілі. Ол халық және халық композиторларының шығармаларын ел көлемінде ғана емес, әлемдік сахналарда орынған талантты өнерпаз.