Жемқорлық
1 мин оқу 70

Салық төлеуден жалтарған мұнай компаниясының директоры сотталды

Маңғыстау облысында «Кезби» мұнай сервистік компаниясының директоры Ержан Кезбаев аса ірі көлемде қаржы жымқырғаны және салықтан жалтарғаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Салық төлеуден жалтарған мұнай компаниясының директоры сотталды

«Кезби» ЖШС — «ӨзенМұнайГаз» АҚ-ның мердігер ұйымы болып табылады. Ержан Кезбаевқа өзіне сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі көлемде иемденіп алғаны, сондай-ақ салық төлеуден жалтарғаны үшін айып тағылды. Сот оны кінәлі деп танып, 10 жылға соттау туралы үкім шығарды.

Сондай-ақ сот шешімі бойынша Ержан Кезбаевқа 10 жыл бойы мұнай-газ саласында басшылық лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.

Сот үкімімен ол «ӨзенМұнайГаз» акционерлік қоғамының пайдасына 321 миллион теңгеден астам қаржыны қайтаруы тиіс. Бұған қоса, Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне 1,5 миллиард теңге көлемінде төлем өтеуге міндеттелді.

Бөлісу:
Салық төлеуден жалтарған мұнай компаниясының директоры сотталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар