Аймақтар
1 мин оқу 50

Ұлытаулықтар мәдениет майталмандарын ұлықтады

<p style="text-align: justify;">Ақордадан Ұлытауға ақжолтай жаңалық жетті. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстанның халық әртісі, Ұлытау облысының Құрметті азаматы Қайрат Байбосыновқа &laquo;Қазақстанның Еңбек Ері&raquo; атағын және &laquo;Сәтбаев қаласының Баубек Бұлқышев атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесі&raquo; КММ директоры Гүлнар Қожахметоваға &laquo;Ерен еңбегі үшін&raquo; медалін табыс етті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ұлытаулықтар мәдениет майталмандарын ұлықтады

Мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсіміне қатысып, Мемлекет басшысының қолынан лайықты бағасын алған қос марапат иесін Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков құттықтады.

«Мәртебелі марапаттар – облысымыздың мәртебесін асқақтатып, баршамызды қуанышқа бөледі. Бұл – жерлестеріміздің ұзақ жылғы еңбектерінің еленіп, мәдениет пен өнерге сарп еткен алтын уақыттарының жоғары бағасын алғанын көрсетеді», деді аймақ басшысы.

Ұлытау облысы

Бөлісу:
Ұлытаулықтар мәдениет майталмандарын ұлықтады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар