Заң
1 мин оқу 40

Жыл басынан бері мал ұрлаған 188 адам ұсталды

<p style="text-align: justify;">Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, кейінгі 5 жылда мал ұрлығы 64 пайызға азайған. Жыл басынан бері 188 адам мал ұрлығы фактісі бойынша ұсталып, 41 қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды. Ұрланған 1134 мал басы заңды иелеріне қайтарылған, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Жыл басынан бері мал ұрлаған 188 адам ұсталды

Алматы облысында криминалдық полиция қызметкерлері жайылымда жүрген ірі қара малды ұрлаған үш адамнан құралған қылмыстық топты ұстады. Қолға түскен топтың жергілікті тұрғындарға тиесілі 30-дан астам сиырды ұрлағаны дәлелденді. Ұсталғандардың бірі Volkswagen жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істеген. Күдіктілер әр екі-үш күн сайын мал ұрлап, оны сойып, етін Алматы қаласының базарларында сатқан.

Павлодар облысында да полиция қызметкерлері үш адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады. Олар 2023 жылғы желтоқсаннан бастап бүгінгі күнге дейін Екібастұз ауданы аумағында жылқыларды ұрлап келген. Тергеу барысында күдіктілердің бірі ауыл шаруашылығы серіктестігінде жылқышы болып жұмыс істеп, кейінгі екі жыл ішінде 70-тен астам жылқыны ұрлағаны анықталды. 

Бөлісу:
Жыл басынан бері мал ұрлаған 188 адам ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар