Саясат
1 мин оқу 80

Ынтымақтастық болашағы пысықталды

<p style="text-align: justify;">Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) бейресми саммиті қарсаңында Премьер-министрдің орынбасары &ndash; Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу ТМҰ-ға мүше елдердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты.</p>

Ынтымақтастық болашағы пысықталды

Іс-шараға қатысушылар халық­аралық күн тәртібіндегі өзекті мәсе­лелерді талқылап, көлік, логис­тика, коммуникация және климаттың өзгеруімен күрес салаларында ынтымақтастықты тереңдетудің маңыздылығын атап өтті.

СІМ басшысы ТМҰ-ға мүше елдердің сауда, инвестиция, көлік және ауыл шаруашылығы сала­ларындағы жетістіктер мен бола­шағы зор бағыттарға назар аударып, Ұйым аясындағы өзара тиімді ынты­мақтастықтың келешегін айқындады.

Отырыс барысында ТМҰ самми­тіне дайындық барысы қаралып, оның аясында қол қойылатын құжат­тар жобалары мақұлданды.

Іс-шара алғаш рет Еуропада орна­ласқан бақылаушы елдің аумағында өтті.

Атап өтсек, Түркі мемлекет­тері ұйымы 2009 жылы еліміздің бастамасымен құрылған. Бүгінде оған Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан мүше. Мажарстан мен Түрікменстан бақылаушы мәртебеге ие.

Бөлісу:
Ынтымақтастық болашағы пысықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар