Жамбыл облысында дәрігерлік амбулаториялар салынып жатыр
<p style="text-align: justify;">Үкімет Жамбыл облысының Қордай және Талас аудандарында екі дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстарын аяқтауға Арнаулы мемлекеттік қордан 319,5 млн теңге бөлді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Нысандар «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы аясында салынып жатыр. Дәрігерлік амбулаториялар пайдалануға берілгенде күніне 45 адамға медициналық көмек көрсетуге қауқарлы болады.
Бағдарлама бойынша өңірде 30 нысан құрылысы жоспарланған, оның 28-і пайдалануға берілген, қалған екеуі биыл тапсырылады.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, ұлттық жоба шеңберінде Қазақстанда 655 жаңа мекеме – медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар құрылысы жоспарлануда. Қазіргі уақытта 468 нысанда жұмыс аяқталған.
Айта кетейік, алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету мекемелерін салуға және ауруханаларды реконструкциялауға қаражат республикалық бюджеттен бөлінеді. Сонымен қатар қаржыландыру Арнаулы мемлекеттік қор есебінен де жүзеге асырылады.