Президент
1 мин оқу 110

Президент Иордания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

<p style="text-align: justify;">Қасым-Жомарт Тоқаев II Абдалла бен әл-Хусейн мен оның отандастарын Иордан Хашимит Корольдігінің төл мерекесі &ndash; Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Президент Иордания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Қазақстан мен Иордания арасындағы сындарлы ынтымақтастықтың жыл өткен сайын нығайып келе жатқанына тоқталып, Королдің екіжақты қарым-қатынасты жан-жақты дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізген.

Қасым-Жомарт Тоқаев II Абдалла бен әл-Хусейннің жауапты қызметіне толайым табыс, ал Иордания халқына бақ-береке тіледі.

Бөлісу:
Президент Иордания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар