Төтенше жағдай
1 мин оқу 70

Өрттің алдын алу шаралары

<p style="text-align: justify;">Осы күндері Солтүстік Қазақстан облысының аумағында республикалық командалық-штабтық &laquo;Өрт-2025&raquo; оқу-жаттығулары өтуде.&nbsp;</p>

Өрттің алдын алу шаралары

Ол Айыртау ауданындағы «Көкшетау» Ұлттық табиғат паркінен басталды, ал үйлестіру штабы Павлодар облысының аумағында құрылды.

Оқу-жаттығуға Төтенше жағдайлар министрлігінің, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының ТЖҚ құтқарушылары мен өрт сөндірушілері қатысуда. Сонымен бірге жергілікті билік пен ПД қызметкерлері тартылған.

«Оқу-жаттығудың мақсаты – жазғы күндері болуы мүмкін алапат өрт кезінде барлық құтқарушы күштердің іс-әрекетін үйлестіруді жетілдіруге арналған», дейді СҚО ТЖҚ бастығының орынбасары М.Қанғужинов.

Оқу-жаттығуға 80-нен артық арнаулы техникалар, соның ішінде тікұшақтар және 200-ден артық адам қатысуда.

Солтүстік Қазақстан облысы

Бөлісу:
Өрттің алдын алу шаралары · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар