«Алтайдан Оралға дейін» республикалық велошеруі басталды

<p style="text-align: justify;">Жұмысшы мамандықтар жылына арналған шеру бағыты Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар облыстары мен Астана қаласын және Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарын, яғни &nbsp;сегіз өңірді қамтып өтеді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Алтайдан Оралға дейін» республикалық велошеруі басталды

Бүгін Өскемен қаласында Тәуелсіздік монументі жанында аталған іс-шараның салтанатты ашылу рәсімі өтіп, оған Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев, дене шынықтыру және спорт саласы өкілдері, колледж оқытушылары мен студенттері қатысты.

Жұмысшы мамандықтарды насихаттау әрі салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған шеруге 236 велошабандоз және Өскемендегі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 200-ден астам студенті қатысып жатыр.

Аталған велошеру 8 маусымда аяқталады.

Бөлісу:
«Алтайдан Оралға дейін» республикалық велошеруі басталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар