Спорт
1 мин оқу 70

Спортшылардың өткен аптадағы жетістіктері

<p style="text-align: justify;">Сала министрлігі өткен аптаға шолу жасады. Қазақ спортшылары 5 спорт түрі бойынша жеңістерге жеткен, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Спортшылардың өткен аптадағы жетістіктері

Әуесқой бокс: Шри-Ланканың Коломбо қаласында U22 Азия чемпионатына барлық салмақ бойынша 50 спортшымен қатысқан Қазақстан құрамасы 41 алтын, 6 күміс, 1 қола, барлығы 48 медаль иеленді.

Каратэ: Ташкентте Азия чемпионатында ұлттық құрама спортшылары 4 алтын, 1 күміс, 5 қола медальмен жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.

Жүзу: Францияның Канет қаласында халықаралық турнирде Әділбек Мусин мәре сызығын екінші кесіп, күміс жүлдеге қол жеткізді.

Үстел теннисі: Испанияның Пладжа-де-Аро қаласында WTT Youth Contender турнирінде Жәния Бекмұхамбетова жеңіс тұғырына көтерілді.

Теннис: Францияның Страсбург қаласында WTA 500 турнирінде еліміздің бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина топ жарды.

Бөлісу:
Спортшылардың өткен аптадағы жетістіктері · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар