Аймақтар
1 мин оқу 60
Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген шетел азаматы ұсталды
<p style="text-align: justify;">«Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында өнеркәсіптік объектілердің бірінде аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған, мемлекетаралық іздеуде жүрген шет мемлекеттің азаматы ұсталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

-Қазіргі уақытта ұсталған адам уақытша изоляторда. Оны іздестіруге бастамашы болған елге экстрадициялауды ресімдеу бойынша жұмыс жүргізілуде, – деп хабарлады өңірлік полиция департаментінен.
«Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасының алғашқы үш күнінде полицейлер 262 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Оның 175-і шетелдіктер, 87-сі ҚР азаматтары. Сотқа 5 материал жолданған. 13 шетел азаматы шекарадан шығарылған.
Павлодар облысы
Бөлісу: