Біліктілікті арттыру курстары 8 мыңнан астам ауыл мұғалімін қамтыған
<p style="text-align: justify;">Жыл басталғалы мектеп педагогтеріне арналған 515 біліктілікті арттыру курсы өтіп, 13 мыңға жуық мұғалім қамтылған, ал қатысушылардың 62 пайызын, яғни 8 мыңнан астамын ауыл мектептерінің мұғалімдері құрайды екен, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Аталған көрсеткіш ауыл мен қала арасындағы білім сапасы алшақтығын азайтуға бағытталған жұмыстардың нәтижесін көрсетеді.
41 білім беру бағдарламасы бойынша ұйымдастырылған курстардың 24-і пәндік даярлыққа бағытталған. Сонымен қатар инклюзивті және арнайы білім беру, жаһандық құзыреттер, SMART-оқыту және STEM-білім беру бағыттары бойынша 4 мыңға жуық педагог біліктілігін арттырған.
Оқу-ағарту министрлігіінің мәліметінше «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы педагогтердің кәсіби әлеуетін дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстарын жалғастырып жатыр. Осы жыл соңына дейін 70 мыңға жуық педагогті біліктілікті арттыру курстарымен қамту жоспарланған.