Оқиға
1 мин оқу 90
Алматыда ұн зауытында жарылыс болып, бір адам қаза тапты
<p style="text-align: justify;">Жарылыс Жібек жолы ауылында орналасқан «Азия Агро Фуд» зауытында болған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алдын ала мәлімет бойынша, жарылысқа дәнді дақыл қалдықтарынан пайда болған шаң-ауа қоспасының тұтануы себеп болған. Оқиға салдарынан 1300 шаршы метрден астам аумақта өрт шыққан.
Жарылыс салдарынан бір адам мерт болған. Тағы үш жұмысшы ауыр күйік алып, денелерінің 80–90%-ын күйік шалған. Барлығы жедел түрде жансақтау бөліміне жеткізілген.
Қазіргі уақытта апаттың нақты себептерін анықтау үшін арнайы мамандар оқиға орнында тексеру жүргізіп жатыр.
Бөлісу: