Шаруашылық
1 мин оқу 70
Пайдалы қоспа жасаудың технологиясы табылды
<p style="text-align: justify;">М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің ғалымдары мен студенттері «СҚ Протеин» ЖШС бірлесіп, қара мал мен жылқының терісінен белогы жоғары жемазық қоспасын шығарудың технологиясын жасап шығарды.</p>

Бұл жоба «Ғылым қоры» АҚ алынған 350 млн теңгелік грантқа ауылшаруашылығы ғылымының кандидаты Ақан Жұнысовтың басшылығымен іске асырылды.
Жаңа қоспа құс шаруашылығында қолданылып, бройлердің салмағын белгілі кезеңде бұрынғыдан 20-22 пайызға арттыратындығы анықталған. Оның үстіне қоспа экологиялық тұрғыдан таза деп табылған. Кеше жоба Мәжіліс депутаты Мұрат Әбеновке таныстырылды.
Солтүстік Қазақстан облысы
Бөлісу: