Білім
1 мин оқу 70

Елімізде «Қазақстан балалары» онкүндігі өтіп жатыр

<p style="text-align: justify;">ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздің жас буынына Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында үндеу <a href="https://www.facebook.com/story.php?story_fbid=2968669546650972&amp;id=100005238673374&amp;mibextid=wwXIfr&amp;rdid=33Llf3ZDznoK1mvL">жасады</a>, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;</p>

Елімізде «Қазақстан балалары» онкүндігі өтіп жатыр

Оқу-ағарту министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып «Қазақстан балалары» онкүндігін өткізіп жатыр. Іс-шараның әр күні баланың құқығын, қауіпсіздігін, білім мен тәрбие алуын, денсаулығын және дамуын арқау еткен тақырыптық бағыттарға арналды.

«Бүгінгі күнді біз «Балалар үні» деп жариялап, әр баланың үніне, арман-мақсатына құлақ түрдік. Баланы әрбір ата-ана, әрбір ұстаз, әрбір азамат естуі тиіс. Оған шынайы көңіл бөліп, жеке тұлға ретінде қабылдау – саналы ұрпақ тәрбиелеудің бастауы. Балаларымыздың арманы биік болса, болашақта еліміздің де еңсесі биік болары хақ. Олардың әр тілегінде үміт, әр сөзінде сенім бар. Оны есту – біздің азаматтық әрі адами парызымыз», дейді министр. 
Бөлісу:
Елімізде «Қазақстан балалары» онкүндігі өтіп жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар