Ақтөбеде шахта өртеніп, үш жұмысшы күйік алды
<p class="a______ tm5" style="text-align: justify;"><span class="tm6">Актөбе облысы, Хромтау ауданы – «Болашақ» шахтасының өндіру блогында ауа ортасының қысқа мерзімді тұтануы салдарынан үш жұмысшы күйік алған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> кәсіпорынның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. </span></p>

Оқиға құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан кезекші электр шеберлері арасында болған. Үш қызметкер беті мен қолынан ауыр күйік жарақаттарын алып, жедел түрде Хромтау аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Қазір оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Кәсіпорын баспасөз қызметінің мәліметінше, жараланған қызметкерлердің жағдайы бақылауда және жетекші дәрігерлер мен туған-туыстарымен тұрақты байланыс орнатылған.
Оқиғаның себебі мен нақты жағдайы анықталып жатыр.
Жанель ТӨЛЕУБЕКОВА, ЕҰУ студенті