Қоғам
1 мин оқу 50

Баласына жаны ашымайтын әкелер жауапқа тартылады

<p class="a______ tm5" style="text-align: justify;"><span class="tm6">Биыл Солтүстік Қазақстан облысы бойынша әкелердің алименттік қарызы 260 млн теңгеге жетіпті, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Баласына жаны ашымайтын әкелер жауапқа тартылады

Алимент төлемеушілерге қарсы прокуратура мен сот орындаушылары тарапынан бірталай жұмыстар жүргізіліп келеді. Соның ішінде соттың шешімін орындамағандардың үстінен прокуратура 43 рет әкімшілік іс қозғаған. 25 «көкек әке» сот орындаушылардың күшімен жауапқа тартылса, алимент төлеуден қасақана бас тартқан 9 «әкеге» қарсы қылмыстық іс қозғалған.

Осындай шаралардың арқасында әзірге 90 млн теңге алимент өндіріп алынды.

Бөлісу:
Баласына жаны ашымайтын әкелер жауапқа тартылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар